АДАМ ӨЛТІРУ ФАКТІСІ БОЙЫНША ҮКІМ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық Кодексінің бірнеше бабымен айыпталған 48 жастағы сотталушының қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады. Сотталушы дәрменсіз күйдегі адамды аса қатігездікпен өлтіріп, өлген адамның мәйітін қорлап, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша айыпты деп танылды, деп хабарлады Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Нақтырақ айтсақ, сотталушы масаң күйде өзімен бірге арақ ішіп отырған танысымен сөзге келіп, жанжалдасып қалған. Содан кейін масаң күйдегі жәбірленушіні басынан теуіп, бірнеше жерден пышақпен жарақат жасап, орындықпен басынан ұрып өлтіреді. Одан кейін өлген мәйітті қорлап, көшеге шығарып тастап, қалтасындағы 15000 теңге тұратын «Нокиа» маркалы ұялы телефонын жымқырған.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, түпкілікті 17 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шынар БЕКБАН