ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОҒАЛҒАН АЗАМАТТЫ ҚҰТҚАРДЫ
21 қыркүйек күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Облыстық обаға қарсы күрес станциясы басшылығынан жедел ақпар келіп түсті. 19 қыркүйекте Қармақшы ауданы, Қуаңдария елді мекенінен осы мекеменің қызметкері Қосқұдық аумағына қарай УАЗ маркалы қызметтік автокөлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Тез арада Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің басшылығымен хабар-ошарсыз кеткен азаматты автокөлігімен табу мақсатында барлық жеке құрамға нақты тапсырмалар берілді. Аудан көлемінде іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің, Қармақшы АІІБ-нің, төтенше жағдайлар жөніндегі қызметкерлерінен 7 топ жасақталып, Қармақшы ауданы, Қуаңдария елді мекенінен Қосқұдық төңірегіне қарай жан-жақты іздестіруге кірісті.
Сонымен қатар, «Қазавиаспас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағын пайдалана отырып, аудан көлемінде іздестіру жұмыстары өз жалғасын тапты.
Полицейлердің қырағы жұмыстарының нәтижесінде 5 күн бойы із-түссіз жоғалған азамат Қармақшы ауданынан табылды. Аталған азаматтың жоғалып кетуінің себебі – автокөліктің жанар-жағармайы таусылып, байланыс құралдарының өшіп қалуымен түсіндіріліп отыр. Азаматтың хал-жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі