ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІНЕ ТҮСІРМЕКШІ БОЛҒАН
Ақша иемденудің оңай жолын тапқан, Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Ж.Нурмаганбетова есімді азаматша, өзі жұмыссыз, бұрын сотты бола тұра, жәбірленушілер А.Б. мен М.Қ.-ға адастыру тәсілдерін пайдаланып, балдарын Қызылорда қаласындағы медициналық колледжінің грант бөліміне оқуға түсіріп беремін деп алдап, екі азаматшадан 300000 (үш жүз мың) теңге ақшасын пайдакүнемдік ниетпен, алаяқтық жолмен бөтен мүлікті сенімге қиянат жасау арқылы иемденген.
Ж.Нурмаганбетованың бұл қылмысы құқық қорғау органдарымен әшкереленіп, қылмыстық іс Сырдария аудандық прокуратурасымен сотқа жолданды.
Басты сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушымен тағылған айып толығымен қолдау тауып, Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-тің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі