МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫН ЖЫМҚЫРҒАНЫ ҮШІН СОТТЫ БОЛДЫ
Сырдария аудандық прокуратурасымен «Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – балабақша) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының қолданылуына тексеру жүргізілді. Нәтижесінде бюджет 2 052 786 теңге қаржысының жымқыру дерегіне жол берілгені анықталды.
Нақтыласақ, «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларының әрекетінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыс белгілері байқалғандықтан, тиісті құжаттар аудандық прокуратурамен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
А.Айдарбекова мен Б.Келисовалардың қылмыстық істері аудандық прокуратурамен әшкереленіп, сотқа жолданды.
Аудандық соттың үкімімен балабақшаның бұрынғы меңгерушісі А.Айдарбекова ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1, 2-тармақтарымен кінәлі деп танылып, бас бостандығын 5 жылға шектеу жазасына сотты болса, есепшісі Б.Келисоваға ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен 3 жылға шартты түрде жазасына сотты болған.