АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ҮКІМ ЖАРИЯЛАНДЫ
Сотталушы Ж.Мәулен өзінің танысы Р.Р-мен спирт ішімдігін ішіп отырып, бұрын есірткі затын сатумен айналысып жүрген М.Абуовтан есірткі заты болса, алып қойып, адам өлтіруге алдын ала сөз байласқан. Содан кейін, ойлаған жоспарларын іске асыру мақсатында қастарына сотталушы Е.Бекниязовты қосып, Р.Р-ның туысқан ағасы сотталушы С.Рысбековтың үйіне барып, оның құдасы жәбірленуші М.Абуовты шығарып беруін өтініп, жәбірленуші М.Абуовты үйінен алып, барлығы сотталушы Ж.Мәуленнің жұмыс жасайтын жері, шаруашылыққа келіп, ондағы үй ішіне кіріп, барлығы отырып, арақ ішкен. Содан, Р.Р. және сотталушы Ж.Мәулен жәбірленуші М.Абуовтың масаңдау болған сәтін пайдаланып, оның басынан, бет тұсынан ұрып, оны жерге құлатып, бірнеше рет аяқтарымен соққыға жығып, оған көптеген дене жарақаттарын салып, оны қайта орнынан тұрғызып, орындыққа отырғызып, есірткі затын қайда тығып қойғандығы туралы сұрап, алдын ала сөз байласқан адамды қазаға ұшырату мақсатында оның оң жақ бет тұсынан теуіп, жәбірленуші М.Абуовқа қаза келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған.
Сотталушы Ж.Мәуленнің өтініші бойынша қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылдың 18 мамыр күнгі үкімімен сотталушы Ж.Мәулен ҚР ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағымен (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру) кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Сотталушылар Е.Бекниязов және С.Рысбеков ҚР ҚК-нің 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, 3 жылға және 4 жылға бас бостандықтарынан айырылып, жазаларын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі