КӨҢІЛ АЙТЫП БАРЫП ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНЫН ҚОЛДЫ ҚЫЛҒАН
Қызылордада туысына көңіл айтып барып, ұялы телефонын қолды қыламын деп сотты бола жаздады.
Қызылорда қаласы №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кінәлі азаматша қайтыс болған туысының үйіне көңіл айтып барып, асханасында қараусыз қалған құны 40000 теңге тұратын ұялы телефонды қолды қылады. Алайда сот отырысында құдаша болып келетін азаматшалар өзара ымыраға келіп, істі «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін «Дауды реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынған.
Сотталушының келтірген мүліктік залалдың орнын толтырып, жәбірленушімен «Медиация туралы» Заңының тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігінің негізінде өндірістен қысқартылуға қаулы етілген.
Шынар БЕКБАН