ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ ШЕГІНЕН ШЫҒУ КЕЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС
Жуырда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған (адам өлтіру) 45 жастағы сотталушы Асанов Куанышбекке қатысты айыптау үкімі жарияланды.
Оқиға 2016 жылдың наурыз айының 6 күні болған. Сотталушы Асанов Куанышбек сағат 12.00 шамасында азық-түлік дүкенінен 200 гр арақ ішіп шығып, өз үйіне барып, үйінде болған. Осыдан кейін сағат 18-30 шамасында үй ауласында жүргенінде оның үйінде бір жылдан бері бірге тұратын қайын ағасы жәбірленуші Б.Құлынтаев арақ ішкен мас күйінде келіп, сотталушы К.Асановқа тиісіп, бетінен, денесінің әр жерінен ұрып, соғып, дене жарақаттарын салған. Сотталушы сол уақытта ұзақ уақыт туберкулез ауруынан емделіп, «тубазит» дәрісін ішіп жүріп, әлсіздіктен оның ұрып-соққанына төтеп бере алмай, аула ішінде қашып жүріп, сәкі үстінде жатқан, асхана пышағын кездейсоқ қолына алып, қорғану шегінен шығып, оның сол жақ иық тұсынан ұрып, қолы иығына тиіп, пышақ сол жақ мойын тұсына кіріп, күре тамырын жарақаттаған. Жәбірленуші Б.Құлынтаев алған жарақатынан көп қан кету салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Сот мәжілісінде сотталушы кінәсін мойындап, жәбірленушіні өлтіру мақсатының болмағанын айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Іс бойынша төрағалық етуші судья С.Сүлеймен сотталушы К.Асановтың қылмыстық әрекетін 99-бабының 1-бөлігінен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 102 бабымен қажетті қорғану шегінен шығып адам өлтірген деп саралап, айыптау үкімін жариялады.
Сот үкімімен сотталушы Асанов Куанышбек ҚР ҚК-нің 102-бабымен кінәлі деп танылып, 2 (екі) жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі