АҚБӨКЕН АТҚАН АҢШЫ ЗАҢ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Ел аумағында құрып кету қаупі төнгендіктен ақбөкен аңын аулауға заңды түрде тыйым салынғандығы белгілі. Алайда, бүгінгі күні заң талабына бағынбайтын қаскөйлердің кездесуі сирек емес. Мұның дәлелі ретінде Сыр өңірінде заңсыз ақбөкен аулады деген күдікпен 2 азаматтың ұсталғанын айтуға болады.
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде рейдтік іс-шара жүргізу барысында Сырдария АІІб-нің Табиғатты қорғау бөлімі мен «Охотзоопром» РМҚК ӨБ жедел-тобы қызметкерлері Сырдария ауданына қарасты, аудан орталығынан 250 шақырым ара қашықтықтағы «Шихан бұлақ» деп аталатын жерде күдікті ақ түсті джип автокөлігін байқап, тоқтатады.
Тексеру барысында аталған автокөліктің ішінен заңсыз атылған 10 бас ақбөкен жануары және 6 дана ақбөкен аңының кесілген мүйіздері, ІІО-да тіркеуде жоқ 12 калибрлі аңшы мылтығы және 10 дана 12 калибрлі патрондары анықталып, айғақ заттар ретінде алынды.
Бүгінгі күні аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі