МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН
Қызылорда қалалық №2 сотында бөтен мүлікті ірі мөлшерде сенімді теріс пайдалану жолымен жымқырып, алаяқтық жасаған сотталушы Т. есімді азаматқа қатысты жылы үкім шықты, деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Ол Б. есімді қала тұрғынына 2 жер учаскесін алып беретініне сендіріп, 1 000 000 теңге алдап алған. Осыдан кейін сотталушы қылмыстық әрекетін одан әрі жалғастырып, аталмыш танысын кездестіріп, тағы жер учаскесін алып беретінін айтып, одан 500 000 теңгені алдап алып, жымқырған.
Сот үкімі бойынша сотталушы Т. Қазақстан Республикасының ҚК –нің 190–бабының 3–бөлігімен 1 тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК–нің 63–бабы қолданылып тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп саналды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.