ШЫМКЕНТТЕ ЖОҒАЛҒАН ЖІГІТ ҚЫЗЫЛОРДАДАН ТАБЫЛДЫ
Еске салсақ, әлеуметтік желілер мен интернет беттерінде 1988 жылы туылған баласының із-түссіз жоғалғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылдың 16 мамыр күні Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не 61 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны өзінің 1988 жылы туылған ұлы 2016 жылдың 11 мамырында жұмысынан шығып кетіп, әлі күнге дейін үйіне оралмағаны туралы арызданған.
Із-түссіз жоғалған азаматты іздеу мақсатында ОҚО Ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылған болатын.
Бүгін таңертең, жедел іздестіру шарасы барысында ОҚО ІІД Криминалды полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалған 28 жастағы азаматтың жүрген жерін анықтады, дені сау күйінде Қызылорда қаласынан табылған. Қажетті рәсімдерден соң тәртіп сақшылары жас азаматты ата-анасына қайтарды. Қазіргі таңда оқиғаның болу жапсарын анықтауда.