ҮЙІНІҢ АУЛАСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЕСІРТКІ ЗАТЫН САҚТАҒАН
Қазалы ауданында Әйтеке би кенті тұрғыны үйінің ауласында есірткі затын ұстап, оның үстіне сатумен айналысқаны белгілі болды.
Қазалы аудандық сотының хабарлауынша, сотталушы азамат үйінде 0,89 гр кептірілген марихуананы ұстап, оны ауылдасына сатқан. Сондай-ақ, үйінің ауласында орналасқан кептер кетегінің ішіне әрқайсысы 0,65гр және 0,59 гр болатын есірткі затын кептіріп қойғаны анықталған.
Аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен, 296-бабының 2-бөлігімен айыпталған азаматтың қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді. Сотта сотталушының қылмыстық әрекеттері куәлардың берген түсініктерімен және іс бойынша жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденді.
Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен, 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес түпкілікті жеке мүлкі тәркіленіп 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Шынар БЕКБАН