БЕЙТАНЫС АДАМДЫ ҰРЫП-СОҚҚАН ЖАСӨСПІРІМГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында танымайтын бейтаныс жәбірленушіні көшеде тұрған жерінен ұрып-соғып, шаппа пышағымен өміріне қауіпті жерден жарақат салған жасөспірімнің ісі қаралды.
Сот отырысында кәмелетке толмаған сотталушы жәбірленушімен татуласып, істі қысқартуды сұраған. Кәмелетке толмаған сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 2-бөлігінің 7- тармағымен кінәлі деп танып, 5 (бес) жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеліп, 1 (бір) жыл сынақ мерзім белгіленді.
Айта кету керек, кәмелетке толмаған сотталушыға тәрбиелік мәні бар шаралар қолданылып, тұрақты мекен-жайын, жұмысын, оқу орнын өзгертпеудi және ойын-сауық мекемелерге кешкі сағат 20-00 ден таңертеңгі сағат 08-00 дейін бармауға міндеттелді. Сотталған жасөспірімге мінез құлқын бақылауды Қызылорда қалалық қылмыстық атқару инспекциясына жүктеді.
Шынар БЕКБАН