ҚАРАҚШЫ ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ЖАЗАЛАРЫН АЛДЫ
Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген (қарақшылық), 291-бабының 1-бөлігінде (атыс қаруын жымқыру), ҚР ҚК-тің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қылмыс бойынша 4 сотталушыға қатысты айыптау үкімі жарияланды.
Сотталушы М.Тойбазаров 2015 жылдың қыркүйек айының 8 күні Қызылорда облысы, Арал ауданында жүріп, танысы сотталушы С.Кункашовпен кездесіп, екеу ара сөйлесу барысында осы ауданның тұрғыны, жеке кәсіпкер, тұрмыстық әл-ауқаты жоғары, жәбірленуші Ж-ның үйінде көлемді қаражат пен бағалы алтын бұйымдар сақтаулы күйде тұру мүмкіндігін ойластырып, оны өз ара сөз етіп, аса ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіпті күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл жасап, жымқыру ниеті туындап, оны аяғына дейін жеткізу мақсатында жоспар құрып, сотталушы М.Қошмырзаевпен келісімге келген.
2015 жылдың 13 қыркүйек күні сотталушы М.Тойбазаров сыбайластары С.Кункашов, М.Кошмырзаевтармен бірге туысқан інісі сотталушы Е.Тойбазаровқа өзінің иелігіндегі жеке автокөлігімен Арал ауданына жеткізуін сұрап, өтініш білдірген. Сол күні сағат 22.00-де Арал ауданына келіп, пневматикалық қарумен және шолақ мылтықпен қаруланып, медициналық маска, қолғап және скоч жапсырмаларын алып, жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп, жәбірленуші Ж-ның және оның отбасы мүшелерінің өмірлеріне қауіп төндіріп, қарулы шабуыл жасап, тікелей күш қолданып, байлап, жәбірленушінің сейфіндегі 760000 теңгені құрайтын алтын бұйымдарды, шкаф ішіндегі сөмкеде тұрған 6000000 теңгені, шкаф жанында тұрған 16 калибрлі, 5 атар, «МЦ» маркалы аңшы мылтығын, 45000 теңге тұратын «Самсунг» ұялы телефонын және 15000 теңге тұратын аңшылық мақсаттағы пышағын иемденіп, жымқырып, қарақшылық жасап, тұрғын үйден шығып кеткен. Нәтижесінде, сотталушылар жәбірленуші Ж-ға жалпы құны 6870000 теңге яғни аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірген.
Басты сот талқылауында сотталушылардың үшеуі өздерінің жасаған қылмыстарын ішінара ғана мойындап, өздеріне жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Ал сотталушы М.Кошмырзаев жасаған қылмысын мойындамады.
Сот үкімімен сотталушы Тойбазаров Мұхтар ҚР ҚК-нің 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен, 291-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 12 (он екі) жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Сотталушы Кункашов Сакен, Кошмырзаев Муратбек ҚР ҚК-нің 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкілері тәркіленіп, С.Кункашов 10 (он) жылға, М.Кошмырзаев 11 (он бір) жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Сотталушы Тойбазаров Ерлан ҚР ҚК-нің 434-бабымен кінәлі деп танылып, 6 (алты) жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Одан басқа, жәбірленушінің пайдасына сотталушылардан 5152500 теңге өндірілетін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі