ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН АДАМ ҰСТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 1 мамырында әлеуметтік желілерде Қызылорда қаласындағы наразылық акциясында қайтыс болды делінген қан жоса болған ер адамның мәйітінің фотосуреті тарап кетті.
Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті аталған ақпарат шындыққа сай келмейтінін, жалған әрі арандатушылық сипатқа ие екендігін анықтады. Сонымен қатар, бұл фотосурет өзге мемлекетте болған оқиғаны бейнелейд,і әрі Қазақстан Республикасына ешқандай да қатысы жоқ.
Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған болатын.
Жедел-іздестіру жұмыстары барысында аталған ақпаратты Алматы қаласының М.Жакауов есімді тұрғыны таратқаны анықталып, азамат Ішкі істер департаментіне жеткізіліп, одан күдікті ретінде жауап алынды. Жауап алу барысында күдікті азамат өз кінәсін мойындап отыр.
Сол күні-ақ күдікті азамат Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес Қызылорда ҚІІБ Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі