ҚЫЗЫЛОРДАДА КИІК АҢЫНЫҢ ДЕРИВАТТАРЫН ЗАҢСЫЗ САҚТАҒАН АЗАМАТТАР ҚОЛҒА ТҮСТІ
Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында жүргізілген рейдтік шолу жұмыстары барысында 2 азамат құрықтылды.
Атап айтқанда, 2016 жылғы 22 сәуір күні сағат 19:00 шамасында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері экологиялық қылмыстарға қарсы жедел жұмыстарды жүргізу барысында 8 дана киік мүйізіне ұқсас мүйіздерді сақтап жүрген 37 жасар қала тұрғынын ұстады. Мүйіздер заттай дәлелдеме ретінде алынып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Дәл осындай дерек 20 сәуір күні де тіркелген болатын. Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері рейдтік шолу жұмыстары барысында Қызылорда-Құмкөл тасжолының 105 шақырымында киік мүйізін алып келе жатқан 41 жасар Жалағаш ауданы тұрғынын анықтап, сөмкесінен 2 дана киік мүйізіне ұқсас мүйіздерді тәркіледі.
Қазіргі таңда 2 дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Егер де, ұсталған азаматтардың кінәсі толығымен дәлелденген жағдайда, олар 3000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі