ШИЕЛІЛІК АЗАМАТТЫҢ ДЕНЕСІ 4 КҮННЕН СОҢ ДАРИЯДАН ТАБЫЛДЫ
Шиелі ауданының Ақтам елді мекенінен 4 шақырым жерде Сырдария өзенінен суға батып кеткен азаматтың денесін және оның көлігін құтқарушылар алып шықты.
Марқұм осыдан 5 күн бұрын жоғалып кеткен 1966 жылғы шиелілік Тұрғанбай Әбдікәрімов екен. Ол Бидайкөл ауылының Ақтам бөлімшесіндегі шаруа қожалығынан Шиелідегі теміржол вокзалынан Алматыда тұратын нағашы ағасының баласының үйлену тойына бару үшін билет сатып алмақ боп шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бұл жөнінде оның әйелі Айсұлу Айдарбекова 22 сәуірде аудандық ІІБ-не арызданған.
Бөлім қызметкерлері қанша тырысса да, іздестіру шаралары нәтиже бермейді. Одан соң «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағына мінген мамандар іске кіріседі. Нәтижесінде жоғалған азаматтың денесі дария суынан табылды. Қазіргі таңда ІІБ сараптама жұмыстарын жүргізуде.