ЖОҒАЛҒАН ШИЕЛІЛІК ҚЫЗ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНАН ТАБЫЛДЫ
Шиелі ауданының Бестам ауылында 18 сәуір күні екі сабақтан кейін ешкімге ескертпестен кетіп қалған 16 жастағы қыз табылды.
Аудандық ІІБ-нің кезекші бөлімшесіне түскен хабарлама бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп, жасөспірімның тұрпаттық бейнесі, ерекше белгілері жасалды. Үйден кетіп қалуына себеп боларлық жайттар жан-жақты қаралып, баруы мүмкін орындар тексерілді. Құрбылары мен достарынан түсініктемелер алынды. Аталған фактіге себеп боларлық жайттар, барлық болжамдар жан-жақты қаралды.
Полиция қызметкерлері жоғалған қызды 21 сәуір күні түскі сағат 14.30 шамасында тапты. Жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Абай Мәдиев пен полиция аға лейтенанты Мақсат Сыздықов қызды Қызылорда қаласының әуежай аумағындағы танысының үйінен тапты.
Қазіргі таңда жасөспірімнің жағдайы жақсы, дін аман ата-анасына тапсырылды. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі