ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН 6 ШЕТЕЛ АЗАМАТЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
2016 жылдың басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 4008 шетел азаматтары уақытша тіркеуге алынды, оның 350-і алыс шетелдерден, ал 3658 ТМД елдерінен келгендер. Оның ішінде, Өзбекстан Республикасынан 3181 азамат, Әзірбайжаннан 75, Қырғызстаннан 82, Ресейден 133, Қытай Халық Республикасынан 278 азамат.
Олардың біздің облысымызға келуінің басты мақсаты – еңбек қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Егер бұрын олардың іс-әрекеттері заңсыз болып келген болса, қазір 2013 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР №153-V Заңына сәйкес еңбек көшіп келушісіне рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтару қағидасы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қолданысқа енді.
Осыған сәйкес, ТМД елдерінен жеке мақсатта келген 3418 азаматтың 774-іне немесе 22,6%-на рұқсаттар рәсімделіп, жергілікті бюджетке салық төлемі ретінде 6 млн 240 мың 217 теңге түсірілді.
Жыл басынан облыс көлемінде заңсыз көші-қондылықпен күресу мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді.
Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзған 914 шетелдік анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ТМД елдерінің 27 азаматы республика аумағынан аластатылды. 2 азаматы ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 382-бабы бойынша республика аумағынан аластатылды.
Республика аумағынан тыс жерге шығарылған шетелдіктердің барлығына «Бүркіт» БАЖ арқылы 5 жылға дейін ҚР-на кіруге тыйым салынды.
ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 3-бөлігімен (Қоғамдық орында тиісу) 6 шетелдікке әкімшілік шара көрілді.
Құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігін, яғни 98 пайызын (897) Өзбекстан Республикасының азаматтары құрайды.
Сонымен қатар, ҚР-ның көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген 76 заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік шара көрілді.
Үстіміздегі жылдың 3 айында көші-қон полициясы бөліністерімен 1 913 951 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
Сот шешімдерін орындамаған Өзбекстан Республикасының 6 азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 393-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Мәселен, 2016 жылдың 24 наурызында Көші-қон полиция бөлінісінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 1989 жылы туылған азаматын тоқтатып, жеке басын анықтайтын құжаттарын тексеру барысында аталған азамат республика аумағына 2014 жылғы қазанда «жеке мақсатпен» келіп, 2 ай мерзіммен уақытша тіркелгендігі анықталды. Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын өрескел бұзғаны үшін аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығару туралы сот шешімі қабылданған. Алайда, аталған шетел азаматы республика шегінен әкімшілік жолмен шығару туралы сот шешімін орындамаған. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі