ҚАРАҚШЫЛЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
3 сотталушы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қоймаға кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен, пневматикалық, шолақ мылтықпен қаруланып, шабуылмен ұштасқан қарақшылық жасау туралы қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, журналистер қойған сұрақтарына жауап берді.
Сот үкімімен 2 сотталушы әр қайсысы 11 жылға бас бостандықтарынан айырылып, мүліктері тәркіленді, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. Бір сотталушы шартты түрде сотталып, 6 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді. Одан басқа, сотталушылар жәбірленуші тарапқа 1 155 008 теңге материалдық залал өтейтін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
баспасөз қызметі