ҚАРАҚШЫЛАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қарақшылық тобының 3 мүшесіне қатысты үкім жариялады.
Өткен жылы 24 қыркүйек күні сотталушы С.Кеңес қала сыртына аң аулауға барады. «ИБК Сибу-Қызылорда» ЖШС-нің XDEC-27 бұрғылау қондырғысының жинаулы тұрғанын байқап, таныстарымен кездесіп, оның қосалқы бөлшектерін жымқырып, қарақшылық жасау туралы қылмыстық келісімге келген. Сотталушы бұрғылау қондырғысының бөлшектері көлемді, ауыр және жеке адаммен тасымалдауға едәуір қиындық туғызатынын ескеріп манипулятор жүк тасымалдаушы автокөлігі бар сотталушы Е.Смаилды қосып алады. Осылайша, аталған мекемеге келіп, ондағы адамдар мен күзетшілер санын белгілеп, оларға қарсы пневматикалық, шолақ мылтықпен қаруланып, шабуыл жасап, бұрғылау қондырғыларының бөлшектерін қоймалардан алып, манипулятор жүк тасымалдаушы автокөлігіне артып, тиеп, иемденген. Нәтижесінде, сотталушылар «ИБК Сибу - Қызылорда» ЖШС-не жалпы құны 10 475 440,5 теңге мүліктік залал келтірген.
Басты сот талқылауында сотталушылардың өздерінің жасаған қылмыстарын ішінара ғана мойындап, өздеріне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Іс бойынша барлық процестік әрекеттер жүргізіліп, жәбірленушінің өкілі, куәлар мен сотталушылардың жауаптыры тыңдалды, іс құжаттары зерттелді. Прокурор, жәбірленушілер, қорғаушылар мен сотталушылардың жарыссөздерін және сотталушылардың соңғы сөздерін тыңдап, төрағалық етуші судья С.Сүлеймен айыптау үкімін жариялады.
Сот үкімімен сотталушы Кенес Самат ҚР ҚК-нің 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 11 (он бір) жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы Кенбаев Талгат ҚР ҚК-нің 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 11 (он бір) жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы Смаил Еркін ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 6 (алты) жылға бас бостандығынан айырылды. ҚК-нің 63-бабының талабына сай, шартты деп санап, бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған 6 (алты) жыл мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, сот залынан босатылды.
Бас бостандығынан айырылған екі сотталушы да жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясын өтейді деп белгіленді. Одан басқа, «ИБК Сибу-Қызылорда» ЖШС-нің пайдасына сотталушылардан 1 155 008 теңге теңдей өндірілетін болды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі