ЖҰМЫССЫЗ ӘРІ БҰРЫН СОТТАЛҒАН ӘЙЕЛ НЕСИЕ ӘПЕРЕМІН ДЕП САН СОҚТЫРДЫ
Бірнеше адамға «Даму» бағдарламасы арқылы қомақты несие алып беремін деп, олардың 380 мың теңгеден астам ақшасын алып қайтармаған не уәдесінде тұрмаған шиелілік С.Рақышеваға қатысты сот үкімі шықты.
Өзі жұмыссыз және бұрын сотталған екен. Соған қарамастан өткенінен сабақ алмаған оның қылмысы әшкереленіп, аудандық прокуратура істі сотқа жолдады. Нәтижесінде сот үкімімен С.Рақышева қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеу, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылды.