«ОҢТҮСТІК ӨАЖҚЖ» ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛДЫ
2016 жылдың сәуір айының 6-сы күні 17 сағат 58 минутта ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшілік диспетчерлік қызметінің кезекшісіне Қызылорда облысы ТЖД кезекшісінен Сырдария өзенінің жағасында «Жағалау» аумағында белгісіз әйел кісі өз-өзіне қол жұмсағысы келгені жөнінде хабар түсті. Жасақ құтқарушылары аталған мекен-жайға шұғыл түрде шықты. Жасақ құтқарушыларын көрген әйел кісі суға секіріп кетті. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері бірлесіп, шұғыл түрде жас әйелдің өмірін құтқарып, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Содан кейін жас әйелдің толық мәліметтері және тұрғылықты мекен-жайы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы қыстағы екендігі анықталды. Өз-өзіне қол жұмсаудың себебін полиция қызметкерлері анықтауда.
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік ӨАЖҚЖ» ММ-сі