ТОЙҒА БАРҒАН ҚОНАҚТАР ЖАППАЙ УЛАНЫП ҚАЛДЫ
Жаңақорған аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы және аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінен тағамнан уланудың топтық жағдайы тіркелгені жайлы ақпарат түсті.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жағдай 2 сәуір күні сағат 23.00-де «Айсұлу-1» мейрамханасында 40 жасқа толған кент тұрғынының тойына барған қонақтар арасынан тіркелді. Науқастар 2 тәуліктен кейін дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту, тәбетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік интоксикациялық белгілерімен жедел жәрдем арқылы және өздіктерінен жолдамасыз келіп қаралған. Олардан анализдер алынып, бактериялогиялық зертханаға жіберілді.
- Бүгінде науқастардың денсаулығы орташа бірқалыпты. Ауру ошағында эпидемиологиялық зерттеу жұмысы жүргізілуде, - деді аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А.Тұрғанбаев.