ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСЕЙЛІКТЕР МІНГЕН «HUMMER-Х2» ЖОЛ АПАТЫНА ҰШЫРАДЫ
2016 жылдың 05 сәуірінде таңғы сағат 06.10 шамасында ОІІД-нің Жедел басқару орталығына Шымкент-Самара тас жолының бойында автокөлік аударылғаны жайлы ақпарат келіп түсті, - деп хабарлады «Қазақпарат».
Аталған дерек бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберіліп, тексеру жұмыстары барысында «Hummer - Х2» маркалы автокөліктің жүргізушісі, Ресей Федерациясы азаматы басқару жүйесіне ие бола алмай, жолдың оң жақ шетіне шығып кетіп аударылғаны анықталды. Салдарынан автокөліктің 1985 жылы туылған жүргізушісі мен 1988 жылы туылған жолаушысы түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алып, қалалық ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.