ӨЗБЕКСТАНДЫҚ БЕС АЗАМАТ ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Қармақшы АІІБ-нің қызметкерлері мен прокуратура қызыметкерлері бірлесіп рейдтік тексеру барысында Жосалы кентінен бес өзбек азаматын тексерген. Нөмірсіз үйдің ауласындағы сарайда жатқан бес Өзбекстан Республикасының азаматының құжатын тексеру барысында олардың ҚР-на кірген уақытта берілетін көші-қон карточкасында белгіленген нақты тұратын жерін тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайға сәйкес келмей ҚР-да болу ережелерін бұзғаны анықталған. Сөйтіп ҚР ӘҚБтК-нің 394 бабының 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылған.
Сот отырысында құқық бұзушылар әрекеттерін толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетіндерін білдірген.
Сот іс-құжаттарын зерттеп, құқық бұзушылардың түсінігін, прокурордың әкiмшiлiк қамауға алуды сұраған қорытындысын тыңдап, құқық бұзушыларға әкімшілік жаза тағайындауда олардың жасаған құқық бұзушылығына өкінуін жауаптылығын жеңілдететін мән-жай деп, ал олардың жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар іс бойынша анықталған жоқ деп есептеп, жасаған құқық бұзушылықтың сипатын ескеріп, олардың әрқайсысына 5 тәулік мерзімнен әкiмшiлiк қамау түріндегі жаза тағайындады.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі