ҚҰРБЫСЫН ӨЛТІРГЕНІ ҮШІН 9 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
2016 жылдың 29 наурыз күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған (адам өлтіру) 24 жастағы әйел сотталушы Ақмамбетова Жанатқа қатысты айыптау үкімі жарияланды.
Оқиға 2015 жылдың желтоқсан айының 21 күні сағат 03-00 шамасында болған. Сотталушы Ж.Ақмамбетова күйеуімен бірге және жанұясымен араласып жүрген достары, ерлі-зайыпты А.Бегалиева, Б.Оразалиевпен бірге, төртеуі алкогольді ішімдіктер ішіп отырған. Ішімдік ішу барысында сотталушы Ақмамбетова мен үй иесі Бегалиевамен сөзге келіп, араларында жанжал туындаған. Жанжал барысында сотталушы Ж.Ақмамбетова жәбірленуші А.Бегалиеваны қасақана қазаға ұшырату мақсатында асхана пышағымен қаруланып, өзіне қарсы келе жатқан жәбірленушінің өміріне қауіпті сол жақ кеуде тұсынан күштеп ұрған. Жәбірленуші А.Бегалиева алған ауыр дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған.
Сот мәжілісінде сотталушы кінәсін мойындамай, жәбірленушіні өлтіру мақсатының болмағанын айтып, жәбірленушімен төбелесіп жатқанда сотталушының, яғни, өзінің күйеуі жәбірленушіге пышақты тығып алды деп, жауаптылықтан босатуды сұрады.
Іс бойынша төрағалық етуші судья А.Сабыров істі жан-жақты қарап, куәлар мен жәбірленушілер және сарапшы мамандардың пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын мұқият зерттеп айыптау үкімін жариялады.
Сот үкімімен сотталушы Ж.Ақмамбетова ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. Сонымен қатар, сотталушы жәбірленушінің туыстарына 2 миллион моральдық зиян төлейтін болды.
Айта кететін жайт, қайтыс болған жәбірленушінің де, сотталушы келіншектің де әр қайсынында 2 кішкентай балалары бар.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі