БАСТЫҒЫНЫҢ БҰЙРЫҒЫН ОРЫНДАМАҒАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ ӘКІМШІЛІК ҚАМАҚҚА АЛЫНДЫ
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ш.Қожантаев көшпелі ашық сот отырысында ҚР ІІМ Ұлттық Ұланы №5547 әскери бөлімінің әскери қызметкері, мерзімді әскери қызметші Д-ға қатысты Әкімшілік кодекстің 652-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік істі қарады.
Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, құқық бұзушы жеке құрамның сапқа тұруы кезінде әскери бөлім басшысы, 1-взвод командирінің «Тік тұрыңдар!» деген бұйрығын қасақана орындаудан бас тартқан. Сот оған әкімшілік жаза ретінде үш тәулікке әкімшілік қамаққа алуды тағайындады.