ТЕРРОРИЗМ АКТIСI ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА БЕРГЕН
Байқоңыр қалалық сотында сотталушы Р-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 273 бабымен (дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Іс құжаттарына сай, соттың өндірісінде қылмыстық іс келісімді түрде қаралды. 1 наурыз 2016 жылғы басты сот талқылауында кінәні мойындау арқылы процессуалдық келісімге келді. Процессуалдық келісімге сай сотталушы Р. жасаған қылмыстық құқықбұзушылығын мойындады.
20 қараша 2015 жылы сотталушы Р. ішімдік ішіп алып сағат 19.00-дер шамасында өз үйінде теледидардан Парижде болған террористік акт туралы кешкі жаңалықтардан көріп, қоғамға қауіп төндіретін ауыр қылмыс жасау туралы қылмыстық ниет пайда болады. Сотталушы Р. қылмыстық ниетін іске асыру үшін «Байконур» кешеніндегі Ресей ІІМ-нің кезекші бөліміне үй телефонынан өзінің пәтері орналасқан подъезде жарылыс заты бар деп жалған ақпарат береді.
Сот үкімімен сотталушы Р. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 273 бабымен кінәлі деп танылып, 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтейтін болды.
Үкім заңды күшіне енбеген.