МЕДИАЦИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢЫНЫҢ ТӘРТІБІМЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Медиация Заңы» қолданылып қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.
Сотталушы Жалағаш кентінде орналасқан базарға сауда жасауға барған. Бутиктің сыртқы есігінің ашық және сауда орнында иесінің жоқтығын көріп, асулы тұрған әйелдер сөмкесінен ақшаларын жасырын ұрлаған. Жәбірленуші жаққа жалпы құны 203000 теңге мүліктік залал келтіріп, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды.
Яғни, сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 2-бөлігінің «б,в» тармақтарында көрсетілген қылмыстық әрекет жасаған.
Сот талқылауында жәбірленуші Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының тәртібімен шешу мақсатында кәсіпқой емес медиаторға жүгініп, медиатор арқылы өзара ымыраға келгендігін жеткізді. Сотталушы келтірілген барлық материалдық шығынды толығымен өтеген.
Осы орайда, Жалағаш аудандық сотының қаулысымен сотталушы мен жәбірленушінің Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының тәртібімен татуласуларына байланысты, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігіне сәйкес, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды,- деп хабарлайды Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі.
Фариза ОМАРОВА