ЖЫЛҚЫ ҰРЛАЙМЫН ДЕП, 5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Сотталушы М. бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотты болған адам бола тұрып, бұрынғы соттылықтарынан тиісті қортынды шығармай, тағы да ауыр қылмыс жасаған.
Сотталушы М. алкогольден еліту жағдайында түннің қараңғылығын және айналада бөгде адамдардың жоқ екендігін пайдаланып, жәбірленуші К.-нің үйіне барып, үйінің қасында орналасқан мал қорасының ішіне заңсыз кіріп, сол жерде байлаулы тұрған құны 1 200 000 теңге тұратын тоғыз жасар жылқысын жібінен шешіп алып, жасырын ұрлап алып кеткен.
Сотта сотталушы М. өзінің айыбын толық мойындап, жәбірленуші тарапқа келтірілген залалды толық қайтарып, өкінетіндігін, кешірім сұрайтындығын көрсетіп, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Ал, жәбірленуші К. өзінің жауабында, бүгінгі күні залалдың толық қайтқанын көрсетіп, сотталушы М.-ға заң талабына сәйкес шара көруді сұраған.
Сот сотталушы М.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі