ҚЫЗЫЛОРДАДА МАЛ ҰРЛЫҒЫН КӘСІП ЕТКЕН ӘККІ ҰРЫЛАР ҚОЛҒА ТҮСТІ
Бөтен мүлік ұрлығының, атап айтқанда мал ұрлығының алдын алу, ашу, жолын кесу мақсатында құрылған мобильдік топтың жүргізген рейдтік іс-шаралары барысында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ құрықталды.
2016 жылдың 16 ақпанында сағат 02:00 шамасында Шиелі АІІб жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары Шиелі ауданына қарасты Бидайкөл мен Қарғалы ауылдарының аралығындағы жолда 1 бас жылқы малын тиеп бара жатырған ВАЗ-2106 маркалы автокөлігін тоқтатады. Тексеру барысында аталған жылқы малы ұрланғандығын және ол Бидайкөл ауылының 1969 жылы туылған тұрғынына тиесілі екендігін анықтайды. Оқиға орнынан ұрлық қылмысына күдікті ретінде 39 жасар, 41 жасар және 21 жасар үш ауыл тұрғыны ұсталды. Бұл азаматтардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау барысында жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде олар 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап егістік алқаптан 11 бас жылқы малын қолды еткендері белгілі болды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Аудан көлеміндегі мал ұрлығы қылмыстарының ашылуында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жоғары шеберлік пен қырағылық танытқан, қызметтік міндеттерін адал атқарған Шиелі АІІб жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ермаханов Қайрат Тұрмаханұлы, Шиелі АІІб жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мухамеджанов Асылхан Махмутұлы, Шиелі АІІб жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Маханбетов Сагинтай Бекболатович, Шиелі АІІб жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция капитаны Исмагулов Азамат Абдулхайотович департамент тарапынан марапатқа ұсынылды.
Дәл осындай дерек 2016 жылдың 21 ақпанында Жалағаш ауданында да орын алған. 18.02.2016 жылы Жалағаш кентінің тұрғыны өрісте жайылып жүрген 1 бас жылқысының қолды болғандығы жайлы полиция бөлімшесіне шағымданады. Аталған арыз бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Әмірхан Айлауов пен Криминалды полиция бөлімшесінің бөлімше бастығы полиция капитаны Есенғали Даутов жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде Қызылорда қаласы «Сегіз жүз бас» елдімекенінің 33 жасар тұрғынын құрықтады. Тергеп-тексеру жұмыстары барысында сезікті азаматтың қатысуымен бұдан бөлек 8 мал ұрлығы қылмысы орын алғандығы белгілі болды. Қазіргі таңда орын алған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі