БІР ЖЕТІ АШ ОТЫРҒАН АДАМДАРҒА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КӨМЕКТЕСТІ
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының қызметкерлері Қызылорда-Жезқазған тас жолы бойында жолдың нашарлығынан бір апта сусыз, азық-түліксіз қалған он адамды құтқарып қалды, - деп хабарлады ОТД-нің баспасөз хатшысы Айгүл Нұрманова.
Дабылды қоңырау диспетчерге «Aladian Technic» ЖШС тарапынан түскен. Белгілі болғандай, Құмкөлге қарай 30 шақырым жерде осы мекеменің «УАЗ» автокөлігі 4 адаммен батып қалған. Одан бөлек, «Semser» мекемесінің 6 күзетшісі жол қатынасы болмағандықтан бір жеті аш отырған.
Хабар түсісімен құтқарушылар жиналып жол тандамайтын көліктермен төтенше жағдай орнына барып, зардап шегушілерді су, азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сөйтіп, 10 адамды қауіпсіз жерге аман-есен жеткізді.
Құтқару жұмыстары барлығы 30 сағатқа жалғасты. Себебі еріген кардың суы көп кедергі туғызған.