ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАҒАН БРАКОНЬЕРЛЕР ҚОЛҒА ТҮСТІ
Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері аулауға, тасымалдауға, айналысуға тыйым салынған киік жануарының бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану деректерін анықтау бағытында жүргізілген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандарды қолға түсірді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 29 ақпан күні сағат 12.00 шамасында полиция қызметкерлері сыртқы бейнесі күдік тудырарлық азаматты тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында қолында ешқандай құжаттары жоқ екендігін анықтады. Сонымен қатар, қолындағы полиэтилен пакетін тексеру кезінде пакеттің ішінен бірнеше дана киік жануарына тән мүйіздер заттай дәлелдеме ретінде алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Дәл осындай дерек 29 ақпанда кешкі сағат 19.30 шамасында да орын алған. Қызылорда қаласы «Сырдария» шеп бекетінде рейдтік жұмыстар жүргізу барысында «Аиди-100» маркалы автокөлік тоқтатылды. Автокөлікке тексеру жүргізу барысында көлік жолаушысының қолындағы пакет тексеріліп, ішінен 7 дана киік жануарына тән мүйіздер анықталды. Оқиға басына жедел-тергеу тобы шақыртылып, мүйіздер заттай дәлелдеме ретінде алынды. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Егер де, ұсталған азаматтардың ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою) кінәсі толық дәлелденген жағдайда, олар 3000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі