ЕСІРТКІ ЗАТЫН ӨТКІЗУ МАҚСАТЫНСЫЗ САҚТАҒАН
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат С-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы С., 02.02.2016 жылы «Уаз» автокөлігімен Ақбай елді мекеніне келе жатқан кезінде, полиция қызметкерлері тоқтатып, автокөлік құжаттарын тексеру барысында оның сөйлеген сөзінен ауытқұшылық байқап, тексеру жүргізгенде курткасының қалтасынан газет қиындысына оралған салмағы 0,46 грамм болатын есірткілік зат кептірілген марихуана табылған, яғни ол есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.
Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен ол, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш – 63630 теңге мөлшерінде айыппұлға жазаланды.