ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОҒАЛҒАН 3 ЖАСАР БАЛА АҒАШ АРАСЫНДА ҰЙЫҚТАП ЖАТҚАН ЖЕРІНЕН ТАБЫЛДЫ
Қызылордалық полиция қызметкерлерінің қырағы жұмыстарының нәтижесінде жоғалып кеткен бүлдіршін мен үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған жасөспірім дін аман табылып, отбасыларына қосылды, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 29 ақпанында сағат 20.30 шамасында ОІІД-нің Жедел жоспарлау басқармасына 2013 жылы туылған баланың жоғалып кеткендігі жайлы хабарлама келіп түседі. Аталған хабарлама бойынша жедел түрде оқиға орнына департаменттің және қалалық ішкі істер басқармасының жедел тергеу тобы, Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция және жол-патрульдік полиция қызметкерлері жіберіліп, Төтенше жағдайлар департаментіне хабарланды. Бүлдіршіннің жоғалып кету себебін анықтау мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп, іздестіру жұмыстарына құзырлы ішкі істер органдары қызметкерлері жұмылдырылды. Бірнеше сағатқа созылған шаралар барысында сол аумақтағы көп қабатты тұрғын үйлердің өжірелері, подъездері, аяқталмаған құрылыс нысандары, саяжай аумағындағы далалық елдімекендер тексеріліп, көрген-білген адамдардан жауаптар алынды. Аталған фактіге себеп боларлық жайттар, барлық болжамдар жан-жақты қаралды. Нәтижесінде, 3 жастағы бүлдіршін Тасбөгет кенті, ПМК-19 саяжайының батыс жағынан 4 шақырым қашықтықтағы жыңғылдар арасында ұйықтап жатқан жерінен табылды.
Сонымен қатар, кезекші бөлімге бірнеше сағаттан кейін тағы бір жасөспірімнің жоғалып кетуі жайлы дерек тіркеледі. Яғни, 29 ақпан күні сағат 21.30 шамасында 2002 жылы туылған 8-сынып оқушысы Тасбөгет кентінде тұратын әжесінің үйінен шығып кетіп, қайта оралмайды. Сағат 01.30 шамасында анасы қызының жоғалып кеткендігі жайлы департаменттің кезекші бөлімшесіне шағымданады. Аталған хабарлама бойынша, жедел түрде іздестіру шаралары жүргізіліп, жасөспірімның тұрпаттық бейнесі, ерекше белгілері жасалады. Үйден кетіп қалуына себеп боларлық жайттар жан-жақты қаралып, баруы мүмкін орындар тексерілді, құрбылары мен достарынан түсініктемелер алынды. Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде 14 жасар жасөспірім қыз бірнеше сағаттан кейін табылды.
Қазіргі таңда, 2 жасөспірімнің де жағдайы «жақсы» деп бағалануда, дін аман ата-аналарына тапсырылды. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, полиция қызметкері ата-аналарға жасөспірімдер тәрбиесінің, тәртібінің, мінез-құлқының қалыптасуына жауапкершілікті арттырып, жеткіншектердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне бақылауды күшейту қажеттігін ескертеді.
Қызылорда ОІІД баспсөз қызметі