ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҮКІМ ЖАРИЯЛАНДЫ
Бүгін, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстық іс бойынша 7 сотталушыға қатысты айыптау үкімі жарияланды.
2015 жылдың қаңтар айында сотталушы М.Жұмағұлов заңсыз жолмен пайда табуды көздеп, ұйымдасқан топ құрып, оны басқарған. Ұйымдасқан қылмыстық топқа М.Жұмахметов, Х.Тілеубергенов, Н.Оспанов, А.Алдашев, А.Алдашев, А.Грызунов - 6 азамат өз еркілерімен кірген. Сотталушы М.Жұмағұлов ұйымдасқан топ болып, күш қолдану арқылы, бөтеннің мүлкін қорқытып алу, алаяқтық, басқа да заңсыз жолдармен пайда табу мақсатында өзін «қалаға қараушы» деп жариялаған. 2 сотталушыны, яғни М.Жұмахметов пен Х.Тілеубергеновті көмекшілері етіп тағайындаған және қалған топ мүшелерінің рольдерін белгілеген. Атап айтқанда, топ жетекшісі М.Жұмағұловтың оң және сол қолдары Жұмахметов пен Тілеубергенов оның тапсырмаларының орындалуын бақылап, көмекшілік міндеттерін атқарып, тікелей алаяқтық пен қорқытып алушылықпен айналысқан. Ал, Н.Оспанов топ жетекшісінің кеңесшісі ролін атқарып, жасалатын қылмыстарға тікелей қатысқан. Ағайынды Алдашевтер топ жетекшісі мен оның көмекшілерінің тапсырмаларын орындап, кәсіпкерлерді психикалық қысым көрсету арқылы қорқытып, олардан ақша мен заттар алу, сонымен қатар бір-біріне қарыз адамдардың ақшасын мәжбүрлеп қайтартып, қарыз ақшаның мөлшерінен заңсыз пайда табу міндетін атқарған. Жетінші сотталушы А.Грызунов Байқоңыр қаласына «қараушы» ретінде тағайындалып, оған ақша немесе заттарды заңсыз жолмен табу міндеті жүктелген. Осылайша, аталған сотталушылар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында меншікке, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған.
Аталған қылмыстық іс сотта күрделілігіне байланысты 3 айға жуық қаралды. Іс бойынша жауап алынатын жәбірленушілер мен куәлардың саны көп болды және олар сотқа дәлелсіз себептермен келмеуіне байланысты оларды мәжбүрлеп алдырту туралы бірнеше рет қаулы қабылданды. Заңды шешім қабылдау үшін іс бойынша жинақталған әр бір құжат, әр бір дәлелдеме жан-жақты зерттелді, іске қатысушы тараптардан түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар қаралып, шешілді. Одан басқа, істі қарау кезінде сотталушылар және олардың қорғаушылары тарапынан төрағалық етуші судьяға, процестік прокурорға бірнеше рет қарсылық білдірілді.
Басты сот талқылауында сотталушылардың ешқайсысы өздерінің жасаған қылмыстарын мойындамай, өздерін ақтауды сұрады.
Іс бойынша барлық процестік әрекеттер жүргізілді, жәбірленуші, куәлар мен сотталушылардың жауаптыры тыңдалды, іс құжаттары зерттелді. Прокурор, жәбірленушілер, қорғаушылар мен сотталушылардың жарыссөздерін және сотталушылардың соңғы сөздерін тыңдап, төрағалық етуші судья А.Сабыров айыптау үкімін жариялады.
Сот үкімімен сотталушы Жұмағұлов Мейрамбек ҚР ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігі, 194-бабының 4-бөлігі 1-тармағы, 177-бабының 4-бөлігі «б»-тармағымен (1997 жылғы редакциясында) кінәлі деп танылып, түпкілікті 10 (он) жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы Жұмахметов Марат ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 194-бабының 4-бөлігі 1-тармағы, 190-бабының 4-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, түпкілікті 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы Тілеубергенов Хасым ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 194-бабының 4-бөлігі 1-тармағы, 190-бабының 4-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, түпкілікті 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айырылды.
Қалған төрт сотталушы, яғни Оспанов Нұрлан, Алдашев Мади, Алдашев Аян, Грызунов Алексей ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 194-бабының 4-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, әр қайсысы 7 (жеті) жылдан бас бостандықтарынан айырылды.
Барлық сотталушылар жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясын өтейді деп белгіленді, одан басқа, барлығының мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленуге жатады деп шешілді.
Аталған іс бойынша тергеу кезінде жіберілген кемшіліктер жөнінде жекеше қаулылар қабылданды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі