АУЫЛ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ МАМАНЫНА ҮКІМ ШЫҚТЫ
Сырдария аудандық соты Н.Ильясов ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-есепшісіне қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотталушы бұрын 17.11.2015 жылғы Сырдария аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзiмге мемлекеттік қызметтерді атқару құқығынан, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жаза шартты деп саналып, 3 жыл сынақ мерзіміне мүлкі тәркілеусіз шартты түрде сотталған, соттылығынан арылмаған.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес азаматша 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында әкімдіктің штаттық кестесінде мүлде көрсетілмеген екі адамға және өзіне айлық жалақы ретінде бюджеттен ақшаны заңсыз банкомат карточкаларына аударып жіберген. Кейін бұл ақшаны өзі ай сайын карточкалардан шешіп алу арқылы жымқырған. Нәтижесінде мемлекетке барлығы 3741174 мүліктік залал келтірген.
Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1, 2- тармақтары бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) кінәлі деп танылды. Оған мүлкiн тәркiлеумен қатар, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.
Азаматтық талап ішінара қанағаттандырылып, М-дан мемлекет пайдасына 3370478 теңге мүліктік залалы өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі