ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН
Қызылорда облысында тойхананың алдында күдікті азамат жәбірленушімен сөзге келіп қалып, бұзақылық жасаған. Күдіктінің қолында пышақ пен газ қаруын қолданып, «ОСА» үлгісіндегі «ПМ-4М» тапаншасымен соңғының иығынан және қолынан екі мәрте жарақаттаған.
Жәбірленуші оны ұстап жерге құлатқан кезде жиналмалы туристік шаппамен аяғынан үш мәрте жеңіл дене жарақатын салып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.
Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындағанын көрсеткен. Жалағаш аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық Кодекстің 257 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі