ІНІСІН ӨЛТІРІП, БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты інісін өлтіргені үшін 60 жастағы сотталушыға үкім шығарды.
Оқиға 2015 жылдың желтоқсан айының 8 күні сағат 19:00 шамасында болған. Сотталушы туған екі інісімен бірге дүкеннен бірнеше рет арақ алдырып ішкен. Содан сағат 23:00 шамасында стол басында қалған жәбірленуші Ж-мен алкогольден мас күйінде жанында отырған ағасы сотталушы Б-ға «балаңды өлтіргенім үшін әлі кешірген жоқсың», - деп үстелді ұрып, балағат сөздер айтқан. Сөйткенде сотталушы Б. бұрын оның марқұм ұлын інісі қасақана ұрып, қаза келтірген оқиғасы есіне түсіп, дастархан үстінде тұрған асхана пышағымен қаруланады. Үстелдің сол жағында шынтақтап жатқан інісін ұрған. Інісі Ж. алған ауыр дене жарақатынан кеуде қуысына қан кетіп, оқиға орнында қайтыс болған.
Сот мәжілісінде сотталушы кінәсін толығымен мойындап, інісін қасақана өлтіру мақсатының болмағаны туралы айғақ беріп, қатаң жазаламауды сұрады.
Іс бойынша төрағалық етуші судья С.Сүлеймен айыптау үкімін жариялады. Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. Сонымен қатар сотталушыға жаза өтеу орнында алкоголизмнен медициналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары қолдану белгіленді.
Айта кететін жағдай, сотталушы Б. бұрын бірнеше рет сотты болған және соттылығы жойылмаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі