БАС БОСТАНДЫҒЫ ШЕКТЕЛДІ
Сотталушы Б. нағашы ағасы О.-мен бірге ішімдік ішіп отырып екеуінің арасында, жалдамалы жұмыстар атқару барысында түскен пайданың дұрыс бөлінбейтіні жөнінде әңгіме болып, өзара ерегіс туындаған.
Сотталушы Б. денсаулыққа қасақана орта дәрежелі зиян келтіру мақсатында жәбірленуші О.-ның жағасынан ұстап тұрғызып, оң қолының жұдырығымен басынан бір рет ұрып жерге құлатып, жерде құлап жатқан жәбірленушінің басынан пәтер ішінде тұрған теледидарды екі қолымен көтеріп екі рет ұрып, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірген. Сөйтіп, сотталушы Б. ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.
Қылмыстық іс Қызылорда қаласы №2 сотында қаралып, сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сот сотталушыға жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, оның бұрын сотты болмағанын, жақсы мінезделгенін, қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайын ескеріп, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі