ТАРАПТАР ТАТУЛАСЫП, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӨНДІРІСТЕН ТОҚТАТЫЛДЫ
Қызылорда қаласының №2 соты ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігін қолданып ұрлық ісін өнідірістен тоқтатты, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сотталушы 2015 жылдың 10 желтоқсанында Қызылорда қаласындағы дүкендердің біріне азық-түлік алу үшін кіріп, сөре үстінде тұрған 21 000 теңгенің ұялы телефонды сатушының және дүкен ішіндегі өзгелердің назар аудармай тұрғанын пайдаланып, жымқырып кеткен. Сотталушы сот талқылауында кінәсін толық мойындап, материалдық зиянды қалпына келтіргенін, телефон иесімен татуласқандықтан істі қысқартып, жауаптылықтан босатуды сұраған. Жәбірленуші де сотталушыға кешірім беретінін, материалдық зиянды қалыпына келтіргенін айтты.
Сот қаулысымен сотталушы С.Н.-ның Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған қылмыстық ісі Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі қолданылып,қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өнідірістен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.