АВТОБУСТЫ ДЕНЕСІМЕН ТОҚТАТҚАН ПОЛИЦЕЙ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІІД ТҮСІНІК БЕРДІ
Қызылорда облысы ішкі істер департаменті 6 ақпан күні «Youtube» видеохостингінде жарияланған бейнематериал туралы түсінік берді.
Бейнеде көрсетілген дерек 2015 жылдың 11 қаңтарында кешкі сағат 17:50 шамасында Қызылорда қаласында болған.
№13 бағыттағы N 176 BRA 11 нөмірлі қоғамдық автокөлігін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 599-бабы бойынша құқық бұзушылық жасап, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені үшін полиция қызметкерлері тоқтатқан.
Алайда, қоғамдық автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Полиция автоэкипажы қоғамдық көліктің соңына түсіп, тоқтап тұрған жерінен жүргізушіге құқық бұзу дерегін ескерте отырып, құжаттарын талап еткен. Алайда, жүргізуші заңды талапты орындамай, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, жүріп кетпек болған. Полиция қызметкерлері автобустың алдына шығып, екінші серігі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған жүргізушіні көліктен түсіріп алады.
1990 жылы туған қоғамдық автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы «билік өкіліне бағынбау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.