ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ VIP-НӨМІРЛЕРДІ САТЫП КЕЛГЕН
Қызылордада полиция қызметкері VIP-нөмірлерді заңсыз сатқаны үшін тұтқындалды, - деп хабарлады «BNews.kz» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің бастығы, полиция майоры Б.Ахмет, бөлім қызметкерлері, сондай-ақ тағы бірқатар азамат бірнеше рет сыйбайлас жемқорлық жасады деп айыпталып отыр.
«Бөлім бастығы қарамағындағы қызметкерлерді қылмысқа тартып, автокөлікті тіркеу, «мәртебелі» мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін беру үшін азаматтардан ақша бопсалау арқылы заңсыз әрекетін жүзеге асырып келген. Одан бөлек, бұл іске делдалдарды да араластырған», - делінген хабарламада.
Барлығы 20-дан астам пара алу дерегі тіркелді. Б.Ахметке қатысты қамау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.