ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АҚБӨКЕН АТҚАНДАРДЫ ҚҰРЫҚТАДЫ
Қызылорда ОІІД жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясы мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК қызметкерлері заңсыз аң аулағандарды құрықтады, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жалағаш ауданының Қаракеткен ауылының тұсында «Тойота Ланд Крузер-100» маркалы автокөлігінен 12 калибрлі 2 аңшы мылтығы және мылтықтың 172 патроны табылды. Одан бөлек сексеуіл бұталарының арасынан 18 ақбөкеннің денесі алынды. Оқиға орнында 20, 28 және 29 жастағы 3 азамат ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.