КӨЛІК АПАТЫ 4000-НАН АСА АБОНЕНТТІ КӨГІЛДІР ОТЫНСЫЗ ҚАЛДЫРДЫ
Кеше 16:30-да Қызылорда қаласы Жібек жолы н/з мекен-жайдағы, 2019 әскери бөлім жанындағы газ құбыры, яғни жол-көлік оқиғасының орын алуына орай 160 мм диаметр жоғарғы қысымдағы газ құбыры краны зақымдалды, нәтижесінде газ шығуы болды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Газдың шығуын қалпына келтіру үшін 5 ГРП, 2 ШРП, 1 АБМК, барлығы 4282 абонент газдан ажыратылды, олардың 13-і көпқабатты тұрғын үйдің 508 абоненті мен 3773 жеке тұрғын үй секторы абоненті.
Апатты жою немесе жағдайды қалпына келтіру жұмысы үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалынан 15 адам мен 4 техника, ТЖД жедел тобынан 4 адам мен 2 техника жұмылдырылды.