БІР КҮНДЕ ЕКІ БАРЫМТА ҚЫЛМЫСЫ АШЫЛДЫ
Сырдария аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметкерлерінің жедел қимылының нәтижесінде бір күнде тіркелген мал ұрлықтарының ізі суымай ашылды. Әккі ұрылар қолға түсті, - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Оның бірі 26 қаңтар күні Ақжарма ауылында болған. Ауыл тұрғынының қорасынан бір бас қой ұрлап бара жатқан жерінен 19 және 26 жастағы екі жігіт ұсталды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер АІІБ-нің уақытша ұстау изоляторында отыр.
Тереңөзек кентіндегі өрістен қара төбел мен құнажынды қолды қылған мал егесінің 37 жастағы туысқаны боп шықты. Тергеу кезінде оның әлгі екі түлікті басқа біреуге сатып жібергені анықталды. Бұл дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.