АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТІКҰШАҚ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПҚАНДАР ТУРАЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері апатқа ұшыраған тікұшақ бортында болған бала туралы толығырақ айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алакөл аудандық Орталық аурухананың жансақтау бөлімі жетекшісі Талғат Құсайыновтың айтуынша, 2015 жылғы қыз ауруханаға 26 қаңтар күні кешкі сағат 19.00-де түскен. Дегенмен оған жоғары деңгейдегі көмек қажет болыпты.
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Сәуле Құсмолданова екі айлық қызды арнайы көмек көрсету үшін облыстық ауруханаға жеткізу керек болғанын мәлімдеді.
"Алакөл ауданынан санавиацияға, болжам бойынша, лейкоз ауруына шалдыққан екі айлық нәресте туралы хабар келіп түседі. Онда санавиация бригадасы - облыстық балалар ауруханасының онкогематолог дәрігері және санавиация фельдшері аттанған. Мамандар нәрестені сол жерде қарап, арнайы көмек көрсету үшін облыстық ауруханаға жеткізбек болады. Жолда тікұшақ апатқа ұшырады. Бортта болғандардың барлығы - анасы мен баласы, дәрігерлер мен ұшқыш қаза тапты. Мәйіттер сот-медициналық сараптамасы үшін Талдықорғанға жеткізіледі", - деді Құсмолданова.
"Бұрын мұндай проблема болмаған. Қазір біздің психологтар қаза тапқандардың туыстарымен жұмыс істеп жатыр. Штаб құрылды, комиссия жұмыс істеп жатыр", - деді аймақтық Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары.
Құсмолданованың айтуынша, бортта болған дәрігерлер тұрмысқа шықпаған.
Еске сала кетейік, Алматы облысында 27 қаңтарда тікұшақтың жоғалып кеткені хабарланған еді. Комитет өкілдері 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын.
Бүгін таңғы сағат 8.20-да Қапал елді мекенінен 3 шақырым жерде тікұшақтың бөліктері табылды.