ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРДЕ ЖАЙЫЛЫП ЖҮРГЕН МАЛДАРДЫ ҚОЛДЫ ЕТКЕН 2 ҰРЫНЫ ҚОЛҒА ТҮСІРДІ
Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында сағат 23.45 шамасында рейдтік жұмыстар барысында Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары М.Беков пен Б.Жармаханов Айдарлы және Амангелді ауылдарының арасында өтетін тас жол бойында күмән тудырарлық ГАЗ 3302-288 маркалы автокөлігін тоқтатады. Автокөлікке қарау жүргізу барысында көліктің жүк салғышынан 1 бас сиыр малы мен баспақ анықталады. Тексеру жұмыстары кезінде аталған малдар «Қарақұм» жер учаскесінде жайылып жүрген жерінен қолды болғандығы белгілі болды. Нәтижесінде, 43 жастағы мал егесіне жалпы сомасы 200.000 теңге боларлық шығын келтірілген.
Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мал ұрлығы қылмысына күдікті ретінде ұсталған 23 жасар және 25 жасар аудан тұрғындары Сырдария АІІб-нің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жасалуда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі