ҚЫЛМЫСКЕР АЛМАТЫДАН ҰСТАЛДЫ
2016 жылдың 19 қаңтары күні Қызылорда қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287 бабының 3 бөлігімен,106 бабының, 2 бөлігімен және 293 бабтың 3 бөлігімен сотталған С.Ермаганбетовтың қылмыстық ісі бойынша брифинг өтті.
Брифингті Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Абдулажан Сайдуллаев жүргізді. Брифингке Қызылорда қоғамдық телеарнасының тілшісі,БАҚ өкілдері, қатысты.
Шара барысында 29.06.2015 жылы Қызылорда қалалық №2 сотына түскен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша 287 бабының 3 бөлігімен,106 бабының, 2 бөлігімен және 293 бабтың 3 бөлігі бойынша азамат С.Ермаганбетовке қатысты қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.
Атап айтқанда,2015 жылдың бас жағында Қызылорда қаласының тұрғыны С.С.-ны үйден шығуын күтіп тұрып, үйінен шыққан қолында ұстап жүрген темір затымен жәбірленушіні аяғынан және басынан ұрып денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген.
2015 жылдың жаз айында Қызылорда қаласының тұрғыны Б.Б.-ны автокөлігінде отырған жерінде бетінен соққылар жасап,өзімен бірге алып жүрген травматикалық тапаншамен жәбірленушіні денесіне екі рет оқ атып денсаулығына жеңіл зиян келтірген.Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Криминалды Полиция Департаментінің қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде С.Ермаганбетов Алматы қаласында өзінің жеке автокөлігімен ұсталынып,өзін және автокөлікті тексеру барысында «ТТ» маркалы тапанша және оқ дәрілер табылған.Осы аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалған.
19.01.2016 жылғы сот үкімімен С.Ермаганбетовке аталған баптар бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылғанын және жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотты болғанын айтты.
Брифинг соңында баспасөз өкілдері өз тараптарынан қылмыстық істің ұзақ қаралуының себебін сұрады.
Төрағалық етуші істің қылмыстық заң нормаларына сай қаралғанын түсіндіріп,БАҚ өкілдері толыққанды жауаптарын алды.
Төрағалық етуші БАҚ өкілдеріне өз алғысын білдірді.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі