БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАСА ДА, КЕШІРІМ БЕРІЛДІ
Кінәлі азаматша банк филиалының кассир қызметін атқарып жүріп, қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу арқылы ұрлау мақсатында жәбірленушінің банктегі депозиттік есеп-шотына заңсыз кіріп, сол есеп-шотта болған қаржыны жымқырған.
Осыдан кейін де өзінің қылмыстық іс-әрекеттерін одан әрі жалғастырып, бірнеше рет, жәбірленушінің банктегі депозиттік есеп-шотынан ақша алып отырған.
Одан кейін келесі бір жәбірленушінің банктегі депозиттік есеп-шотына заңсыз кіріп, сол есеп-шоттан да ақшасын қолды етеді.
Сотталушы сол банктің аудандық филиалының кассирі қызметіне ауысқаннан кейін де өзінің қылмыстық іс-әрекеттерін одан әрі жалғастырып, бірнеше рет, жәбірленушінің банктегі депозиттік есеп-шотына заңсыз кіріп отырған.
Сөйтіп сотталушы бірнеше рет, қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену алу арқылы ұрлап, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 176-бабының 2-бөлігінің «б», «в» тармақтарында қаралған қылмыстарды жасап, жәбірленуші А.-ға 28 500 теңге, ал жәбірленуші С.-ға 115 000 теңге мүліктік зиян келтірілген.
Басты сот талқылауы барысында сотталушы өзінің айыбын толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды қалпына келтірген.
Шиелі аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 176-бабының 2-бөлігінің «б,в» тармақтарымен айыпталып, сотқа берілген Ф. жәбірленушілермен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 67-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Ал, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі